25 Сәу 2024
№7 жббм Әкімшілік тізімі

Мектеп қызметкерлері

Атауы Жүктеу
1  2021 - 2022 оқу жылы мектеп әкімшілігінің лауазымдық міндеттері PDF
2  2022 - 2023 оқу жылы мектеп әкімшілігінің лауазымдық міндеттері PDF
3  2023 - 2024 оқу жылы мектеп әкімшілігінің лауазымдық міндеттері PDF

 

 

Шаймаханов Ерлан Абуталипович

Түркістан облысының білім басқармасының Келес ауданының білім бөлімінің «№7 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемісінің директоры

1988 жылы 19 қаңтарда Өзбекстан Республикасы,Ташкент облысы, Бозай ауылында дүниеге келген. Келес ауданы Бозай ауылы округінде орналасқан №58 Ы.Алтынсарин атындағы жббм мектепті 2005 жылы бітіріп,Шымкент қаласындағы Шымкент әлеуметтік педагогикалық университетін «Физика» мамандығы бойынша аяқтады. Қысқаша еңбек жолы: Еңбек жолын 2005 жылы №58 Ы.Алтынсарин мектебінде бастады. 2016 жылы аталған білім ордасында директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс атқарды. 2019 жылдың тамыз айында педагог-сарапшы санатын алды. 2020 жылы басшылық бойынша үшінші санатқа өтті. 2024 жылдың 15 қаңтарынан бастап №7 жалпы білім беретін мектебінің директоры қызметіне тағайындалып, қазіргі таңда жұмыс атқарып келеді.


 

Бекбаева Гульзамира Абдырахимовна

Түркістан облысы білім басқармасының Келес аудандық білім бөлімінің «№7 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

1981жылы 12 ақпанда Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы,Сарыағаш ауданы,Сіргелі елді мекенінде дүниеге келген. Сарыағаш ауданы,Коммунизм ауылындағы Төле би атындағы орта мектепті бітірген. Шымкент қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-не бүкіләлем факультетін аяқтаған. 1999 жылы еңбек жолын қазіргі Қазақстан Республикасы, Келес ауданындағы №1 О.Есімов атындағы орта мектебіне,ол кездегі №72 О.Есімов атындағы жалпы орта мектебіне тарих пәнінің мұғалімі болып қабылданған. 2005 жылдан бері Келес ауданындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебіне тарих пәнінің мұғалімі етіп ауыстырылды.2018 жылы қыркүйек айынан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. 2018 жылы 24 желтоқсанда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.2018 жылы тамыз айында педагог-зерттеуші санатын алды.2023 жылы басшылық бойынша үшінші санатқа өтті.


 

Утебаева Гулмира Уалихановна

Түркістан облысы білім басқармасының Келес аудандық білім бөлімінің «№7 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

1969жылы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы, Келес өңірінің Совхозында дүниеге келген.1986 жылы С.Сейфуллин мектебін бітірді. 1991 жылы Сырдария педагогикалық учелишесін аяқтады. 2001-2004 жылдары аралығында Тараз қаласы Әулие ата педагогикалық университетін бітірді. 1991 жылы еңбек жолын қазіргі Қазақстан Республикасы, Келес ауданындағы қазіргі №3 Ә. Молдағұлова атындағы орта мектебіне «Бастауыш сынып» мұгалімі болып жұмысқа қабылданған. 2005 жылдан бері Келес ауданындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебіне мектептің әлеуметтік пегагогы болып ауыстырылды. 2009 жылы қыркүйек айынан мектеп директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.. 2018 жылы қаңтар айынан бастап педагог-зерттеуші санатын алды. 2021 жылдан бастап басшылық бойынша үшінші санатқа өтті


 

Айтбаева Роза Құдайбергеновна

Түркістан облысының білім басқармасының Келес ауданының білім бөлімінің «№7 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының бейін ісі жөніндегі орынбасары

Айтбаева Роза Құдайбергенқызы Оңтүстік қазақстан облысы,Келес ауданы «Қошқарата» ауылында 1979жылы 2 қаңтарда туылған. Ұлты қазақ , білімі жоғары білімді ұстаз .Ол Қошқарата ауылында «1-мамыр» жалпы орта мектебін бітіріп 2002жылы Шымкент қаласындағы Шымкен педагогикалық университетінің химия биология факультетіне оқуға түсіп 2006 жылы аяқтап шықты . Еңбек жолын 2005 жылы Келес ауданындағы Абай ауылында жаңадан ашылған №140 жалпы орта мектебінен басталды. Қазіргі таңда аталған мектепте жұмыс жасап келеді. 2019 жылдан бастап директордың бейін ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды . 2023 жылы тамыз айынан бастап басшылық санатының ІІІ дейгейіне өтті. 2019 жылдың тамыз айынан бастап зерттеуші педагог санатын алған.


 

Абубакиров Ерлан Абдикаримович

Түркістан облыстық білім басқармасының Келес аудандық білім бөлімінің «№7 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

1982 жылы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы,Қызыласкер аулында дүниеге келген. Келес ауданы, Абай ауылындағы №75 орта мектепті бітірген. Алматы қаласындағы ҚАЗСТА-ын денешынықтыру және спорт факультетін аяқтаған. 2003 жылы еңбек жолын қазіргі Қазақстан Республикасы, Келес ауданындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне,жаттықтырушы болып қабылданған. 2010 жылдан бері Келес ауданындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебіне денешынықтыру мұғалімі етіп қабылдандым 2019 жылы ақпан айынан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. 2019 жылы тамыз айында педагог-сарапшы санатын алды.


 

Тагаева Гульбахор Аманбековна

Түркістан облыстық білім басқармасының Келес аудандық білім бөлімінің «№7 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

1971 жылы 28 ақпанда Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы, Жаңажол қаласында дүниеге келген. 1988 жылы Келес ауданы, Абай ауылындағы Ленин жолы атындағы орта мектепті бітірген.1988-1990 жылдары Өзбекстан Республикасы, Шыназ аудандындағы №32 В.Чкалов атындағы орта мектепте хатшы-машинист болып істеген. 1990-1995 жылдары Ташкент қаласындағы Низами атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының орыс және татар филологиясы факультетін бітіріп, ұлттық мектептерде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығын меңгерген. 1995жылы 22 қарашада Келес аудандық мектепаралық оқу-өндірістік комбинатына мұғалім етіп қабылданады. 1996 жылы 1 маусымда қаржы тапшылығына байланысты комбинат жабылып, қызметтен босатылады. 1996 жылы 18 тамызда Келес аудандық «Келес келбеті» қоғамдық-саяси газеті редакциясына хатшы-машинст, 1996 жылы 31 желтоқсанда редакцияның корректоры, 1997 жылы 21 тамызда Сарыағаш аудандық «Сарыағаш» қоғамдық-саяси газетіне журналист етіп қабылданады. 2021 жылы 17 қыркүйекте Келес аудандық білім бөлімінің №7 жалпы орта білім беретін мектебіне орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып орналасады. 2023 жылдың 1 маусымынан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. 2023 жылы тамыз айында педагог-модератор санатын алды


 

Калтаева Шолпан Ергазиевна

Түркістан облысының білім басқармасының Келес ауданының білім бөлімінің «№7 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологы

1990 жылы 1 наурызда Оңтүстік Қазақтан облысы Келес ауданында дүниеге келген. 1996 №2 О.Есимов атындағы жалпы білім беретін мектепке 1 сынып табалдырығын аттап ,2005 жылы 9 сыныпты аяқтап, 2010 жылы Шымкент университетіне оқуға түсіп 2013 жылы бітірді. 2010 жылы №140 жалпы орта білім беретін мектеп жанынан ашылған «Шағын орталыққа» тәрбиеші болып жұмысқа қабылданды.2013 жылы шағын орталықтың тәрбиеші қызметінен босатылып 2013 жылдың қыркүйек айында мектептің педагог-психологы болып жұмысқа тағайындалып , қазіргі таңда қызмет атқарып келеді.


 

Шойғараева Айгерім Базарқызы

Түркістан облысының білім басқармасының Келес ауданының білім бөлімінің «№7 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологы

1991 жылы 8 мамыр күні Келес ауданы , Абай ауылында дүниеге келді.1997 жылы №19 Б.Майлин атындағы жалпы орта мектебінің табалдырығын аттап 2008 жылы бітіріп шықты. 2013 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтын үздік бітірді. 2008 жылы еңбек жолын №19 Б.Майлин атындағы жалпы орта мектебінде тәлімгер маманы болып бастады.2013 жылы №2 Ө.Жәнібеков мектеп-гимназиясында тәлімнгер мамандығы бойынша жұмысқа қабылданып , 2018 жылы педагог-психолог маманы болып ауысты. 2020 жылы №7 жалпы білім беретін мектепке педагог-психолог маманы болып тағайындалып, қазіргі таңда жұмыс атқарып келеді.


 

Алдиярова Меруерт Еркебайқызы

Түркістан облысының білім басқармасының Келес ауданының білім бөлімінің «№7 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәсіптік бағдар беруші педагогы

1974 жылы 12 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округінде дүниеге келген.1987 жылы Чапаев мектебін бітіріп шықты. №35 Кәсіптік білім коледжінде оқып диплом алып шықты.2002-2005 жылдар аралығында «Кәсіптік білім және еңбек»дипломын алып шығып 2005 жылы №7 жалпы орта білім беретін мектебіне қабылданды.Қазіргі таңда коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәсіптік бағдар беруші педагог мамандығы бойынша қызметке тағайындалып жұмыс атқарып келеді.


 

Абдуллаева Улжан Серикбаевна

Түркістан облысының білім басқармасының Келес ауданының білім бөлімінің «№7 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәлімгері

1988 жылы маусым айының 12 күні Келес ауданы Абай ауылында дүниеге келді. 1995 жылы №1 О.Есімов мектебіне 1 сынып табалдырығын аттап , 2005 жылы 11 сыныпты бітірді. Шымкент қаласындағы М.Әуезов университетіне педагогика- психология мамандығы бойынша оқуға түсті. 2017 жылы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетіне бастауыш оқыту педагогикасы мамандығы бойынша оқуға түсті . 2007 жылдан бастап еңбек жолын қазіргі №7 жалпы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тәлімгері болып жұмыс атқарып келеді.


 

Арыстанова Эльмира Алдияровна

Түркістан облысының білім басқармасының Келес ауданының білім бөлімінің «№7 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог ұйымдастырушысы

1980 жылы қыркүйек айының 18 күні Келес ауданы Бесқұбыр ауылында дүниеге келді. 1986 жылы Бесқұбыр аулындағы №77 С.Сейфуллин мектебіне 1 сынып табалдырығын аттап , 1997 жылы Келес ауданы Абай ауылындағы №74 М. Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде 11 сыныпты бітірді. 1998 жылы Жетісай Гуманитарлық колледжіне бастауыш сынып оқыту мамандығына оқуға түсіп, 2001 жылы бітірді. Тараз қаласындағы Әулие ата университетіне кәсіптік оқыту мамандығы бойынша оқуға түсті.2007 жылы аталған жоғарғы оқу орнын бітірді. 2000 жылдан бастап еңбек жолын №75 Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінде жұмыс атқарып, № 140 жалпы орта мектебіне көркем еңбек пәні мұғалімі болып ауыстырылды. Қазіргі таңда №7 жалпы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде педагог ұйымдастырушы болып жұмыс атқарып келеді. 2020 жылы желтоқсан айынан педогог- зерттеуші санатын алды.


 

Мусилимова Жұлдыз Ақылбекқызы

Түркістан облысының білім басқармасының Келес ауданының білім бөлімінің «№7 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапхана меңгерушісі

Жұлдыз Ақылбекқызы 1990 жылы 06 желтоқсан күні Келес ауданы Абай ауылында дүниеге келген. 1997 жылы алғаш мектеп табалдырығын №75 Ә.Молдағұлова мектебінде оқыған, 2005 жылы №140 шы мектепке ауысып, 2008 жылы мектепті аяқтаған. 2008-2012 жылдары ОҚМПИ да қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығын оқып бітірген. 2012-2013 жылдары №74 Ж.Баласағұн мектебіне жастар практикасы бойынша мұғалім болып жасаған. 2013-2015 жылдары Абай ауылындағы ІІБ бөлімінің көші-қон полициясында хатшы болып жұмыс жасаған. 2015 жылдан бастан қазіргі таңға дейін №7 жалпы білім беретін мемлекеттік мекемесінің кітапхана меңгерушісі лауазымында жұмыс жасап жатыр.


 

Сейдазым Сымбат Ерланқызы

Түркістан облысының білім басқармасының Келес ауданының білім бөлімінің «№7 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашысы

2001жылы 05 маусым күні Келес ауданы Ошақты а/о Жиделі ауылында дүниеге келді. 2006жылы Т.Рысқұлов мектебінің табалдырығын аттап, 2017жылы бітіріп шықты. 2017жылы ОҚО Шымкент қаласындағы ОАИУ География-тарих факультетіне оқуға түсіп 2021жылы диплом алды. 2021жылы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде іс-басқарушы болып жұмысын бастады. 2023жылы кітапханашы болып жұмыс атқарып келеді.


 

Калмуратова Гулжас Кулмуратовна

Түркістан облысының білім басқармасының Келес ауданының білім бөлімінің «№7 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік педагогы

Біліктілік санаты: педагог-зерттеуші 1975 жылы 28 сәуір күні Келес ауданы с/з « 40лет Каз ССР» дуниеге келді.1982 жылы «40 лет каз ССР» мектебінің табалдырығын аттап, 1992 жылы бітіріп шықты.1992 жылы Талдықорған заң колледжінің «Қуқықтану» мамандығына түсіп 2001жылы бітіріп шықты.2002 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына «Педагогика және психология» мамандығына сырттай оқуға түсіп 2006 жылы бітіріп шықты.2016 жылы Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы Оңтүстік қазақстан мемлекеттік университетін «Әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану» мамандығын бітіріп шықты.2007 жылы қыркүйек айында №140 жалпы орта мектебіне педагог психолог болып бастады.2012 жылы әлеуметтік педагог болып тағайындалып қазіргі таңда жұмыс атқарып келеді


 

Сейтбекова Майра Беспаевна

Түркістан облысының білім басқармасының Келес ауданының білім бөлімінің «№7 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ІТ маманы

1988 жылы 12 қаңтарда Шардара қаласында дүниеге келген. 1994 жылы қыркүйек Ж.Жабаев атындағы мекетпке 1 сыныпқа қабылданды. 2005 жылы мамыр айында мектепті бітірді. 2005 жылы қыркүйек айында «Отырар» университетіне оқуға түсті. 2009 жылы «Отырар» университетінде «Информатика» мамындығын бітіріп шықты. 2012 жылы желтоқсан айында «№140 жалпы орта мектебіне» ІТ маман болып жұмыс қабылданды. 2020 жылы қыркүйек айыннан бастап Информатика пәні мұғалімі болып қабылданды. 2020 жылы желтоқсан айыннан бастап педагог-модератор санатын алды. Осы таңда «№7 жалпы білім беретін мектебінде» жұмыс атқарып келеді.


Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар